ШЫМКЕНТТЕН ҮРІМШІГЕ ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ
04.03.2025 01:23:30 1243
2025 жылғы 30 мамырдан бастап SCAT әуекомпаниясы «Шымкент – Үрімші» бағытында тікелей әуе рейстерін іске қосады. Жаңа әуе бағыты Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстарды нығайтып, туристік және іскерлік сапарларды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Рейстер кестесі:
▫ Шымкент – Үрімші: сейсенбі, жұма
▫ Үрімші – Шымкент: сәрсенбі, сенбі
Ұшу ұзақтығы: небәрі 2 сағат 20 минут.
28 ақпаннан бастап Шымкент – Үрімші бағытына билеттер сатылымға шықты.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қыметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/949976