Аудан әкімдігі жанынандағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

Аудан әкімдігі жанынандағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

27.03.2025 00:44:10 887

Аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, комиссия мүшелері және барлық ауылдық округ әкімдері «ZOOM» платформасы арқылы қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде келесідей мәселелер көтерілді:
Бірінші мәселе: «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шаралар туралы» (баяндамашы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а. Жеңісбек Төралиев).
Екінші мәселе: «Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған профилактикалық шаралар туралы» (баяндамашы аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып және Сырдария аграрлы-техникалық колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Искакова Айсұлу).
Димаш Серікбайұлы өз сөзінде мәдениет және білім беру салаларында қызмет атқарып жүрген мамандардың адалдығы мен жауапкершілігін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажеттігін айтты. Сонымен қатар, жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдар мен қоғам арасында өзара іс-қимылды нығайтуға шақырды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары тиісті сала басшылары мен мамандарына тапсырмалар беріп, тиісті шаралар қабылдау жөнінде шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/959782?lang=kk