Қостанай қаласының ауыз су сапасын бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау шаралары.

Қостанай қаласының ауыз су сапасын бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау шаралары.

27.03.2025 00:44:18 209

2025 жылғы 17 наурызда "Қостанай Су" МКК Қостанай қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының қатысуымен кеңес өтті. 

Қостанай қаласын ауыз сумен жабдықтаудың 2024 жылғы жағдайы туралы ақпарат ұсынылды. Халыққа берілетін судың сапасын, сондай-ақ сумен жабдықтау объектілерінің санитарлық-техникалық жай-күйін бақылау Қостанай қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жұмысындағы басты бағыттардың бірі болып табылады. Ұсынылған ақпарат санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг, өндірістік бақылау бағдарламасы бойынша есеп, тіркелген авариялар мен азаматтардың өтініштерін талдау деректері негізінде дайындалды.

Сумен жабдықтау объектілерінің жұмысы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен реттелген. Оларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі-СҚ), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен бекітілген "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары жатады. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/959824?lang=kk