Ақтөбе облысының прокуроры бизнестегі жүйелі мәселелерді талқылады
29.03.2025 19:01:16 1859Облыс прокуроры Марат Әбішев бизнестің нақты проблемаларын шешу мақсатында, «Атамекен» өңірлік кəсіпкерлер палатасының салалық кеңес төрағаларымен кездесті.
«Бүгінгі таңда бизнесті қорғау және инвестициялық жобаларды қолдау прокуратура органдарының басым бағыттары болып табылады. Бұл міндеттерді еліміздің Президенті мен Бас Прокурор жүктеді, және біз оларды тиімді жүзеге асыруға міндеттіміз.
Кәсіпкерлер кездесетін нақты, жүйелі проблемаларды көрсететін бизнес-қоғамдастықтың кері байланысы қажет - бұл әкімшілік кедергілер, заңсыз тексерулер, рұқсаттардың күрделілігі немесе басқа да кедергілер.» - деді сөзінде облыс прокуроры Марат Әбішев.
Кездесу барысында салалық кеңестердің төрағалары бар проблемалық мәселелерді, оның ішінде электр энергиясы тарифтерін көтеру мүмкіндігін, отандық тауар өндірушілерді қолдауға, мемлекеттік сатып алу мәселелеріне және т.б. сұрақтарды көтерді. Қатысушылармен бірге шешу жолдары талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша барлық айтылған мәселелер облыстық прокуратураның қарауына қабылданды.
Кездесу қорытындысы бойынша, облыс прокуроры мен Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі төрағасы Асхат Айтжанов бизнесті құқықтық қорғауды қамтамасыз ету үшін ашық диалог пен ынтымақтастықтың маңыздылығын, өңіріміздің экономикасының дамуына ықпал етеді, жұмыссыздықты төмендетуге және соның салдарынан криминогендік жағдайға әсер ету.
Ақтөбе облысында кәсіпкерлер мен инвесторлардың мәселелерін анықтау және жедел шешу үшін «бір терезе қағидаты бойынша» фронт-офис және байланыс орталығы жұмыс істейді (тел: 90-14-48, 8 701 700 55 20, электрондық пошта мекен жайы 7040402@pokuror.gov.kz)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/961921?lang=kk