Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастық

29.03.2025 19:03:27 1950

Ар-Рияд, 2025 жылғы 25 наурыз – Жоғары білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мақсатында Қазақстан Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Университеттер кеңесінің Бас хатшысы Бассам бен Абдалла әл-Бассаммен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы білім саласындағы ынтымақтастықты күшейту мүмкіндіктері талқыланды. Қазақстандық дипломат екіжақты қарым-қатынастардың дамуы үшін негізгі құжаттарды, оның ішінде ҚР Үкіметі мен САК Үкіметі арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің қол қою маңыздылығын еске салды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоғары білім саласындағы екіжақты байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту бағытында жұмыс істеуге дайын екендерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/962448?lang=kk