Тәжірибе алмасу және аудиторлық практикаларды бірлесіп талдау: Қазақстан мен Португалияның жоғары аудит органдары ынтымақтастықты дамытуда

Тәжірибе алмасу және аудиторлық практикаларды бірлесіп талдау: Қазақстан мен Португалияның жоғары аудит органдары ынтымақтастықты дамытуда

30.03.2025 23:07:15 4054

Әлихан Смайылов бастаған Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасының делегациясы Португалия аудиторлар сотының шақыруымен Португалия Республикасына жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары Литва, Португалия және Түркия аудиторлары ҚР Жоғары аудиторлық палатасының қызметіне қатысты жүзеге асырған «дәрежесі бойынша тең» тексерудің алдын ала нәтижелерін қарау мақсатында ұйымдастырылды.

Екі елдің аудиторлары тәжірибе алмасып, үздік аудиторлық практикаларды бірлесіп талдайтын болады.

Осы және басқа да жұмысқа қатысты іс-шаралар жоғары аудит органдарының ынтымақтастығын нығайтуға және Қазақстан мен Португалияның мемлекеттік аудит жүйелерін жетілдіруге бағытталған.

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Аудиторлар сотының президенті Филипа Урбано Кальваомен кездесу барысында ведомстволар арасындағы нәтижелі өзара іс-қимыл екіжақты форматта да, сондай-ақ ИНТОСАИ мен ЕВРОСАИ негізгі халықаралық ұйымдары шеңберінде де қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Төраға осы тұрғыдан Аудиторлар сотының Жоғары аудиторлық палатаға «дәрежесі бойынша тең» тексеру жүргізуге қатысуының маңызы жоғары екенін атап өтті. Бұл жұмыс барысында шетелдік әріптестер Жоғары аудиторлық палатаның әдіснамасын, соңғы 5 жылдағы аудиторлық құжаттамасын және есептерін зерделеді.

«Біз үшін бұл тексеру аса маңызды, өйткені қазір Қазақстанда мемлекеттік аудит жүйесін реформалау жүзеге асырылуда. Жоғары аудиторлық палатаның құзыретін кеңейту үздік әдістерді, практикаларды және халықаралық стандарттарды енгізіп отыруды, сондай-ақ аудиторларымыздың біліктілігін жүйелі түрде арттыруды талап етеді. Осыған байланысты Португалия аудиторлар сотының көпжылдық тәжірибесі біз үшін нақты практикалық қызығушылық тудырып отыр», — деді Әлихан Смайылов.

Тәжірибе алмасудың негізгі бағыттары ретінде тиімділік аудиті, қаржылық есептілік аудиті, электрондық аудит, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізу аталды.

Португалия аудиторлар сотының президенті өз тарапынан Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасына «дәрежесі бойынша тең» тексеру процесінде ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді.

«2024 жылы көптеген жұмыс кездесулері өтті. Жоғары аудиторлық палатаның қызметіне қатысты құжаттарды қарадық. Жоғары аудиторлық палатаның «дәрежесі бойынша тең» тексеру жүргізуге бастама жасауы сіздердің прогреске деген бейілділіктеріңізді, сондай-ақ өз қызметін жақсартып, Қазақстанда мемлекеттік аудит жүйесін дамытуға деген ниеттеріңізді көрсетеді. Бұл қазіргі жағдайда өте маңызды», — деді Филипа Урбано Кальвао.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/962929?lang=kk