Бразилиялық «BN Petro» компаниясымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бразилиялық «BN Petro» компаниясымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

05.04.2025 20:21:37 3456

Бразилиа, 2025 жылғы 26 наурызҚазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіповтың «BN Petro» тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және синтетикалық өнімдер мен отын өндіру саласында маманданған компаниясының Президенті Джони Курцпен кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар ү.ж. 11 наурызында қалалық қоқыстарды қайта өңдеу және сабақтас өнімдерді өндіру саласындағы ынтымақтастықты құру мәселелері бойынша онлайн бейнеконференция барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды талқылады.

Компания президенті осы саладағы ынтымақтастық жөніндегі өз жоспарларын ұсынып, биыл Қазақстанға баруға, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік ведомстволары және компанияларымен алдын ала онлайн келіссөздер жүргізуге ниет білдірді.

Осы тұрғыда әңгімелесушіге қазақстандық серіктестермен сарапшылар деңгейінде диалог орнату ұсынылып, ағымдағы жылдың мамыр айында Астана халықаралық форумына қатысуға шақыру айтылды.

Анықтамалық: BN PETRO — қалалық қатты қалдықтардан мұнай-химия өнімдері мен синтетикалық отын алу технологияларын әзірлеу бойынша әлемдік көшбасшы. Компания бар қалдықтардың әртүрлі көріністерін іске асыру және олардан болат кокс, синтетикалық газдар мен майлар, аммиак тәрізді өнімдерді, сондай-ақ тыңайтқыштар, азот, сутегі, зымырандарға арналған полимерлі отын (авиаотын) түріндегі өнімдерді өндіру саласындағы 30 жылдық тәжірибесі бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/963430?lang=kk