Қазақстан мен Грекия мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
05.04.2025 21:39:08 1614Афина, 2025 жылғы 26 наурыз — Грек Республикасы Мәдениет министрлігінде Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин мен Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Жанабай Мейірманқұловтың Грекия Мәдениет министрлігі Халықаралық қатынастар және Еуропалық одақ департаментінің директоры Георгиос Каламантис мырзамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар мәдениет саласындағы қазақстан-грекия ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін және екі ел арасындағы гуманитарлық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру перспективаларын талқылады.
Астана және Афина қалалары арасында фольклорлық және классикалық концерттерді қоса алғанда, жақын арада өтетін мәдени алмасу іс-шараларын ұйымдастыру жоспарларына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған екіжақты құжаттарды жаңарту мәселесі қаралды.
Қазақстан Республикасының
Грекия Республикасындағы Елшілігі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/964280?lang=kk