VIII Азаматтық форум алаңында тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру, мемлекеттік функцияларды бәсекелі ортаға беру мәселесі жөніндегі міндеттер талқыланды
10.04.2025 16:58:14 2862018 жылғы 28 қарашада Астана қаласында ҚР Ұлттық экономика министрлігі VIII Азаматтық форум шеңберінде үкіметтік емес сала өкілдерімен салалық кездесу өткізді.
Министрлік тарапынан Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Асан Дарбаев, Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов, Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары Асқарбек Ертаев сөз сөйледі.
Кездесуге «Ардагерлер ұйымы» РҚҰ, «Тұтынушылар құқықтарын қорғау Ассоциациясы», «Қазақстанның Азаматтық альянсы» т.б. қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.
Әңгімелесу барысында Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Асан Дарбаев мемлекеттік саланың азаматтық институттармен ашық және тиімді диалогының маңыздылығын атап өтті.
МЕҰ өкілдері мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын жақсарту мен кеңейту, үкіметтік емес саланы дамыту, сондай-ақ өзара ынтымақтастық мүмкін болатын салалар туралы өз ұсыныстарын жеткізді.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы қолдағы бар заңнамадағы құқықтық нормалар тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуы тиіс. Бұл жерде біз қоғамдық бірлестіктердің әлеуетін барынша іске қосу үшін айтарлықтай күш саламыз» - Дарбаев атап өтті.
Дарбаевтың айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдарды институционалдық күшейту, ҮЕҰ-лардың тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігінің сараптамасын жасау жақын болашақтағы жұмыстың басты бағытына айналады.
Министрлік өкілдері мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен тұтынушылардың құқықтарын қорғау қауымдастығын құру шеңберіндегі табысты ынтымақтастығына сенім білдірді. Ол тұтынушылардың құқығының сақталуын мониторингілеу (бақылау), олардың құқықтарын сотқа дейінгі және сот тәртібінде тікелей қорғауға қатысу, тұтынушылық нарықтағы түрлі сараланым мен жосықсыз мінез-құлық тәжірибесінің барлық түріне қатысты жүргізілген тәуелсіз сараптамалар мен бағалаулардың нәтижелерін жариялау, азаматтардың құқықтық сана-сезімін өсіруге ықпал ететін болады.
Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесіндегі жүргізілген реформалардың негізгі аспектілері туралы баяндады.
«Біздің тарапымыздан жүргізілген жұмыс тұтастай алғанда, бақылау-қадағалау қызметінің жағдайын талдаудан басталды. Бұл талдаудың нәтижелері біздің тарапымыздан жүйелі негізде жүргізілген реформалардың арқасында бүгінде құқықтық статистика деректері бойынша тексерістердің жалпы саны 2010 жылдан бері кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 4 есе қысқартылды», - деді Жақыпов.
Бүгінде бизнес жүктемелерінің едәуірі тексеріс жүргізу мерзімі болып отыр. Себебі бүгінде тексеруші тексеру жүргізу кезінде кәсіпкердің қасында көп уақыт өткізеді. Сондықтан заң арқылы айрықша тәртіп бойынша тексеріс жүргізу мерзімі 30-дан 15 жұмыс күніне, ал жоспардан тыс тексеріс 30-дан 10 жұмыс күніне қысқартылды.
Спикердің пікірінше, енгізілген профилактикалық бақылау институты бизнес субъектілерімен өзара әріптестік қатынас құруғаа мүмкіндік береді және мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың қалыптасқан жүйесі кезіндегі тексерушілердің болмысы мен мінез-құлқын түбегейлі өзгертеді.
Кездесуге қатысушылар мемлекеттік орган қабылдаған шаралар кәсіпкерлердің табиғи монополия мен квазимемлекеттік сала субъектілерінің өзара әрекеттестігі кезіндегі құқығы мен мүдделерін қорғауды, сондай-ақ бизнестің кәсіпкерлік қызметті реттеу мен олардың мүддесін қорғауға қатысуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелі ортаға және өзін өзі реттейтін ұйымдарға беру жөніндегі жүйелі жұмыстар туралы Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры Асқарбек Ертаев баяндады.
«2000-2016 жылдар аралығында бәсекелі ортаға мемлекеттік органдардың 28 функциясы берілді. Мәселен, ветеринарлық емдеу-профилактикалық қызмет, тұқымдық мал шаруашылығы мәртебесін беру, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын өндіруге квота бөлу, тауарлар мен қызметтерді сертификаттау, техникалық тексеруді ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын тағайындау мен республикалық «Қазақстанның үздік тауары» конкурстық көрмесін және басқаларды өткізу».
Мемлекеттік функцияларды бәсекелі ортаға беру жұмыстарының тиімділігін артыру үшін тиісті заң жобасы әзірленді.
«Заң жобасын құру кезінде біздің тарапымыздан ЭЫДҰ елдерінің үздік тәжірибесі зерттелді. Мәселен, АҚШ-та Федералдық билік органдарының функцияларын инвентарлау туралы заң әрекет етеді. Ол атқарушы биліктің федералдық органдарына жыл сайын табиғаты жағынан бірмағыналы мемлекеттік болып табылмайтын және жеке компаниялар арқылы іске берілетін функцияларды белгілейді»,-деді Ертаев.
Ертаевтың айтуы бойынша, аталған заң жобасы мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелі ортаға жүйелі түрде беру, азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейту, оның ішінде өзін өзі реттеуді дамыту арқылы; азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ билік пен бизнестің ынтымақтастығын қоғам алдындағы міндеттемелерін сапалы орындауға жауапкершілік алуға дайын болуы секілді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ҮЕҰ-мен барынша тығыз ынтымақтастық орнату, сондай-ақ өзара әрекеттестіктің жаңа тетіктерінің пайда болуының қажеттігін атап көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/16436?lang=kk