«E-ТРМК» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖҮЙЕСІ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БИЗНЕСІН ЖҮРГІЗУДІ ЖЕҢІЛДЕТЕДІ
10.04.2025 16:58:21 638Бүгін ҚР ИДМ медиа-орталығы алаңында ҚР ИДМ Технологиялық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дұғалов баспасөз мәслихатына жиналған журналистерге кәсіпкерлер үшін «Е-ТРМК» электрондық жүйесі бизнесін жүргізуді қалай жеңілдетуге болатынын айтты.
Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін негізгі блок жүйелерін бір платформаға біріктіретін - техникалық реттеу, стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау «Е-ТРМК» бірыңғай электрондық жүйесіндегі дерекқорларды цифрлық форматқа өзгерту қажет.
«Стандарттау туралы» Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші оқылымына дайындалуда. Осыдан кейін кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауына беріледі. Заңға сәйкес Ұлттық органға 11 қызмет жүктеледі. Жаңа Заңда процестерді автоматтандыру заңнамалық негізде қарастырылған.
Биыл I кезеңде екі процесті автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Олар: «стандарттау жоспарын құру мен ««Е-ТК» порталы». Стандарттау жоспарын құру тек қана электрондық форматта жүргізіледі. Бұл арыз берушінің Жоспарды құру кезеңінде арызды қадағалауына және түзетуіне мүмкіндік береді.
Көпшіліктің пікірін қалыптастыру, сондай-ақ кең ауқымды қамтау және жүйе қатысушыларын тарту мақсатында әлемнің кез-келген нүктесінен интернетке қол жеткізе алатын стандарт жобаларын талқылау ашықтығын қамтамасыз ететін е-ТК порталын құру арқылы стандарттау бойынша техникалық комитеттердің жұмысын автоматтандыру жоспарлануда. Нәтижесінде, қазақстандықтар өз смартфонының көмегімен стандарттарға еркін қол жеткізе алады.
Ғалымжан Дұғалов айтқандай, өнім қауіпсіздігі техникалық реттеу объектілері мен субъектілердің мемлекеттік бақылау мониторингі арқылы қамтамасыз етілетін болады. E-ТРМК әртүрлі тізілімдер деректерін салыстыру арқылы объектілерді тұрақты мониторингілеу үшін қажет екенін атап өткен жөн. Бұл өнімді өндіруден бастап іске асыруға/пайдалануға беруге дейін қадағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мониторинг жөніндегі ақпарат E-ТРМК-да, оның ішінде кері қайтарылған және алынған өнім бойынша орналастырылады. Тұтынушылар үшін тауарды теңестіре алатын мобильді қосымшаны енгізу көзделуде.
Сонымен қатар, сәйкестікті растау бойынша аудитор-сарапшыға сертификат беру, ҚР мемлекеттік рәміздерін шығаруға лицензия беру, өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы сертификат беру, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру, сондай-ақ шет елдердің халықаралық, өңірлік стандарттарын 8 күннен 4 күнге дейін тіркеуге қою сияқты мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері 15 күннен 5 күнге дейін қысқартылды және автоматтандырылды. Рұқсат құжаттарын беру және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде арыз беруден бастап соңғы нәтижеге қол жеткізуге дейін арыздарды қадағалауды енгізе отырып, толық автоматтандыруға көшуді жүзеге асыру жоспарлануда.
«Процестерді цифрландыру және автоматтандыру аясында «Салыстырап тексерілетін өлшеу құралдары туралы деректерді электронды есепке алу»Ақпараттық жүйесін әзірлеу қарастырылуда.
Бұл жүйенің негізгі артықшылығы – процестің барлық қатысушыларын бірыңғай платформаға біріктіру, мемлекеттік бақылау кезінде деректер базасын қолдану және салыстырып тексеру клеймдеріне онлайн режимінде тапсырыс беру, автоматтандырылған өңдеу (арыз берушінің жеке кабинеті арқылы), QR-сode оқып алу арқылы онлайн сертификаттарды қалыптастыру және түпнұсқалылығын тексеру, Call – орталықтарымен ақпараттық қолдау.
«Жаңа жүйе бизнес үшін де, мемлекет үшін де ыңғайлы болады. Бүгінгі күні өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі мемлекеттік эталондар мен эталондық жабдықтардың 101 бірлігімен қамтамасыз етілген», - деді Ғ.Дұғалов.
Осылайша, техникалық реттеу және метрология саласындағы процестерді автоматтандыру 2 кезең бойынша жүргізіледі. Бірінші кезеңде сол жүйенің өзегін әзірлей отырып, техникалық реттеу тізілімінің бірыңғай өзара байланысты базасын құру ұсынылады.
Екінші кезеңде электронды құжаттарды қалыптастыру мүмкіндігі бар қатысушылар үшін Оnline жұмыс кабинеттерін құру жоспарлануды. Бұл арыз берушінің (жеке куәлік, тіркеу куәлігі, төлем туралы түбіртектің көшірмесі және т.б. сияқты) керексіз құжаттарын/деректерін ұсынуды азайтады.
Сонымен қатар, штрих-кодты, радиожиілікті сәйкестендіруді, қауіпсіздік маркерін есепке ала отырып, мобильдік қосымшалар түріндегі Оnline-сервис әзірленуде.
Мұның бәрі техникалық реттеу жүйесінің негізгі мақсатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді – бұл жаңартылған жүйе арқылы субъектілер мен техникалық реттеу объектілерін мониторингілеу арқылы өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Осылайша, техникалық реттеу жүйесінің процестерін автоматтандыру бизнесті жүргізу мен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып, жүйені тұтастай «қайта жүктеуге» мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/16538?lang=kk