ҚР ІІМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЮРИЙ ИЛЬИН ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ БАСҚАН АУДАНДАРЫН ӘУЕДЕН БАҚЫЛАУДА

ҚР ІІМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЮРИЙ ИЛЬИН ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ БАСҚАН АУДАНДАРЫН ӘУЕДЕН БАҚЫЛАУДА

14.04.2025 09:32:40 873

27 наурызда су тасқыны жағдайын зерделеу мақсатында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Ол өңірлік штабқа жұмыс кеңесін өткізіп, сондай-ақ облыстық әкімдікте ҚР Үкіметінің отырысына қатысты.

Қазіргі таңда ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары ШҚО әкімімен бірге өңірдегі су басқан аумақтарды аралауда.

Юрий Ильин Глубокое және Шемонаиха аудандарындағы су тасқыны жғдайын бағалады.

Ішкі істер министрінің орынбасары жағдай шиеленісіп тұрған – Прогресс, Глубокое, Предгорное, Шемонаиха, Верх-Уба ауылдарына ерекше назар аударды.

Барлық елдімекендер құтқару бөлімшелерінің жіті назарында, авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Қосымша күштер топтары жоспарланып, жұмыс істеуде, адамдарды қорғаумен қатар олардың тіршілігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

Қазіргі таңда облыстың эвакуациялық пунктерінде шамамен 100 шақты адам бар екендігін, 900-шақтысы туыстарында екенін еске саламыз. Кейбір адамдар эвакуациядан бас тартуда.

Азаматтарға азық-түлік әкеліп, орындарда психологиялық көмек өрсету жүргізілуде.

ШҚО ТЖД

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27716?lang=kk