Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың цифрлық отбасы картасы бойынша орташа табысының 35%-ы немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы (ең үлкен сома) ретінде айқындалады.

15.04.2025 18:32:17 1832

2025 жылдың 2-тоқсанында Астана қаласы бойынша кедейлік шегі орташа табысқа қарай белгіленді -  40 165 теңгені құрады.

Отбасыларды зерттеуді жергілікті комиссиялар жүргізеді, олардың материалдық жағдайын зерттеу негізінде отбасылардың АӘК-ке қажеттілігі туралы қорытынды жасайды.

Тексеру туралы есеп FSM «Social» мобильді қосымшасы арқылы жасалады.

АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АӘК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру.

- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және өзге де қолдау шаралары арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

АӘК мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма ретінде есептеледі.

АӘК алдын ала есептеуді жүргізу үшін Астана қаласы әкімдігінің Мансап орталығына жүгіну қажет, мекенжайы: Бейбітшілік 9, 137 кабинет. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uzsp/press/news/details/968473?lang=kk