ТМҰ елдерінің биоқауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
15.04.2025 18:43:14 132
Түркітілдес мемлекеттер ұйымы (ТМҰ) елдерінің денсаулық сақтау министрлерінің 5-ші кездесуі шеңберінде ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті атынан елдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова, Қырғызстан мен Түркия қатысушы елдері халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтері арасында Биологиялық қауіпсіздік саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл Меморандум халықтың денсаулығын жақсарту үшін биологиялық қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған және теңдік пен өзара тиімділік қағидаттарына негізделеді.
Меморандумда көзделген ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу мен іске асыруды; жоғары білікті кадрларды оқыту мен қайта даярлауды ұйымдастыруды; өзара консультациялар мен тәжірибе, озық технологиялар мен әдістемелермен алмасуды қамтиды.
Меморандумға қол қою Түркітілдес мемлекеттер ұйымы елдері халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудегі және биоқауіпсіздік саласындағы әріптестік байланыстарды одан әрі нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/971952?lang=kk