ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРҒА СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРҒА СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

15.04.2025 18:46:17 66

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРҒА СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

✔️Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлері – табиғи байлығы мол, мүмкіндігі кең, алайда адам күші жетіспейтін аймақтар. Ауыл шаруашылығы мен өндіріс, білім мен медицина саласында еңбек қолының тапшылығы күн тәртібіндегі өткір мәселе.

✔️Осы олқылықтың орнын толтыру үшін қолға алынған «Қоныс аудару» бағдарламасы – тек көші-қон емес, болашаққа бағытталған нақты мүмкіндік. Жаңа өңір – жаңа тыныс, жаңа кәсіп пен тұрақтылықтың кепілі.

✔️Бағдарлама Түркістан облысында кең көлемде жүзеге асуда. Жетісай мен Мақтаарал аудандарында өткен жәрмеңкеге еліміздің 7 аймағынан келген делегациялар қатысып, 10 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынды. Халыққа бағдарлама шарттары жан-жақты түсіндіріліп, еңбекпен, баспанамен және әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету жолдары баяндалды.

✔️Бағдарлама аясында ұсынылатын қолдау:
* Көшу шығындары толық өтеледі
* Бір жыл баспанамен қамту немесе жалдау ақысы мен коммуналдық төлемдерін өтеу
* Тұрақты жұмыспен қамту
* Кәсіп ашуға мүмкіндік
* Балабақша, мектеп, жер телімі сынды әлеуметтік мәселелер толық ескеріледі

✔️Жетісай ауданындағы жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Бағдатұлы, облыстық «Еңбек мобильділігі орталығының» директоры Абзал Дәулетәліұлы, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Нұркен Серікұлы қатысып, 300-ге жуық тұрғынмен еркін форматта кездесу өткізді. Нәтижесінде 40-қа жуық жетісайлық, ал Мақтааралда 35 азамат қоныс аударуға ниет білдірді.

✔️2015 жылдан бері «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы аясында Түркістан облысынан көптеген отбасы өз еркімен солтүстікке қоныстанып, жаңа өмірге қадам басуда. Мақтаарал ауданынан 144 отбасы 2018-2024 жылдары аралығында жаңа өңірге аттанған.

✔️Қоныс аудару – туған топырақтан үзілу емес, өмірдің жаңа белесіне бет бұру.
Бұл – ел ішіндегі еңбек теңдігін қамтамасыз ететін, болашағы бар бағдарлама.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/972843?lang=kk