ДЕПАРТАМЕНТ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ӨТКІЗІЛУДЕ
15.04.2025 18:46:55 187
- ДЕПАРТАМЕНТ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ӨТКІЗІЛУДЕ
- Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтың облыс тұрғындарымен кездесулері мен жеке қабылдаулары басталды.
- Өңір басшысының алғашқы халықпен кездесулері Түркістан қаласынан бастау алып, Мақтарал, Шардара, Келес, Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби аудандары және Жетісай, Арыс, қалаларында жалғасын тапты.
- Ондағы мақсат – аймақтық және жергілікті жерлердегі халықпен ашықтықты орнату және елмен етене жақын болу, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету.
- Осыған орай, облыс басшысы жергілікті тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, облысты дамыту бағытындағы жоспарларын облыс тұрғындарымен бөлісуде.
- Сонымен қатар, өңір басшысының аудан, қалаларда өткізілген халықпен кездесулерінде ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшылары қатысуда, аталған кездесулерде Департаменттің тексеру барысында қабылдаған шешімдеріне қатысты жергілікті тұрғындар тарапынан арыз-шағымдар орын алмады.
- Кездесу соңында облыс әкімі жергілікті тұрғындарын жеке қабылдап, талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдады.
- Айта кетейік, өңір басшысының облыс тұрғындарымен кездесулері барлық аудан, қалада жалғасын табуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/973055?lang=kk