Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерді көрсету аспектілері

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерді көрсету аспектілері

15.04.2025 18:55:02 132

Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жолаушылар тасымалы жөніндегі «Солтүстік» аймақтық филиалы Қарағанды телімінің қызметкерлері арасында «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі аспектілері талқыланды.

Іс-шараның негізгі мақсаты-көлік қызметкерлерінің хабардар болу деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық білімді одан әрі тәжірибеде пайдалану.

Семинар соңында қатысушылар арасында пікір алмасып, жадынамалар, лифлеттер таратылды. Барлық қойылған сұрақтарға мазмұнды жауаптар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/975411?lang=kk