Қонаев қаласында ауқымды экологиялық іс-шара өтті: 250 ағаш отырғызылып, 14 тонна қоқыс жиналды

Қонаев қаласында ауқымды экологиялық іс-шара өтті: 250 ағаш отырғызылып, 14 тонна қоқыс жиналды

28.04.2025 06:23:20 550

Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбіліктер белсенді түрде жалғасуда.

Бүгін экобелсенділердің, мемлекеттік қызметшілер мен түрлі ұйымдардың қызметкерлерінің қатысуымен ауқымды сенбілік өтті. Іс-шараға 138 адам қатысып, 14 тонна қоқыс жиналып, шығарылды. Жұмыс барысында Қапшағай су қоймасының жағалауы, қаланың аула аумақтары мен көшелері тазартылды. Жалпы тазаланған аумақтың көлемі 65 гектарды құрады.

Бұдан бөлек, өткен жылы абаттандырылған Сәкен Сейфуллин көшесін көгалдандыру мақсатында 250 ағаш отырғызылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/984449?lang=kk