«Жұмыс беруші күні»
28.04.2025 21:30:15 110
2025 жылдың 25 сәуірінде Әділет департаментінің жетекші маманы В.Н. Фрик Қостанай гуманитарлық колледжінде өткен «Жұмыс беруші күні» шарасына қатысты. Іс-шараға мемлекеттік органдар, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.
«Жұмыс беруші күні» - жұмыс берушілермен кадрлар даярлау және колледж түлектерін жұмыспен қамту бойынша ынтымақтастықты кеңейту мақсатында ұйымдастырылады.
Екіжақты ынтымақтастықтың арқасында білім алушылар теорияны практикамен ұштастырып, таңдаған мамандығын тікелей өндірісте меңгереді.
Осылайша, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар өздеріне қажетті кадрларды даярлап, үздік студенттерді жұмысқа қабылдауға мүмкіндік алады. Ал студенттер өз кәсібіне біртіндеп бейімделіп, еңбек қызметіне қажетті дағдыларды игереді.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/985028?lang=kk