Солтүстік Македония сарапшылар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды талқылады
05.05.2025 04:21:51 121
Скопье, 25 сәуір 2025 жылғы – Қазақстан Елшісі Сатыбалды Буршаков Скопьедегі «Finance Think» экономика және саясатты зерттеу институтының және Еуропалық саясат институтының басшылығымен және сарапшыларымен кездесті.
Кездесу барысында тараптар елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды, Қазақстанның инвестициялық әлеуетін, екі елдің экономикасын дамытудың басым бағыттарын, сондай-ақ бірлескен жобалар мен зерттеу бастамаларын іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Елші Солтүстік Македонияның академиялық және іскерлік қоғамдастығымен диалогты кеңейтуге қызығушылық білдіре отырып, Қазақстанның экономика, инновация және тұрақты даму саласындағы әріптестікті нығайтуға ұмтылысын атап өтті.
Талқылаудың жеке тақырыбы Қазақстанның сындарлы ұлтаралық және дінаралық диалогты нығайтуға бейілділігі болды. Елші Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі және жыл сайынғы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін өткізу туралы айтып берді, оның негізгі міндеті әлемнің түрлі конфессиялары арасындағы диалогты дамыту болып табылады.
Институттар басшылығы Қазақстанды жан-жақты жаңғырту мен демократияландыру үдерісін жоғары бағалап, елімізде жүргізіліп жатқан реформалар бағытына қолдау білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/985542?lang=kk