14 тамыз – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні
14.08.2025 18:41:30 222
Мемлекеттік кірістер органдары-республикамыздың мемлекеттік бюджетін толықтыруды қамтамасыз ететін мекеме.
Оның тиімді қызметі - республикамыздың экономикасы мен әлеуметтік саласының одан әрі дамуы, қазақстандықтардың өмір сапасы мен деңгейін айқындайды.
Жиналған салықтан түскен қаражат мектептер мен ауруханалар салу, жолдарды жөндеу және салу, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салу сияқты қоғамдық игіліктерді жасауға жұмсалады. Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері де бұл мақсатты орындауға өздерінің үлестерін қосуда. Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мерекені жақсы көрсеткіштермен қарсы алды.
Салық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мен цифрландыру және жаңа тәсілдер белгілі нәтижесінде ағымдағы жылдың 7 айында мемлекеттік бюджетке 334 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73 млрд теңгеге артық. Өсу қарқыны 128 пайызды құрады. Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 8 мың 233 тауар декларациясы ресімделген, оның ішінде декларациялардың 70% жасыл дәлізде яғни лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз жүзеге асырылады. Жыл басынан бастап 360 мың мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99,8 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.
Мұның барлығы мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының еселі еңбегінің нәтижесі.
Кәсіби мереке қарсаңында Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері медальдармен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Салық органдарының қызметіне зор үлесін қосқаны үшін және 70 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік кірістер органдарының ардагері Бағиля Ахметқалиқызы Молдахметова Комитет торағасының атынан Алғыс хатымен марапатталды.
Өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына байланысты «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төс белгісімен Атбасар ауданы бойынша МКБ басшысы Ерік Қадыров, Бурабай ауданы бойынша МКБ басшысының орынбасары Айгүл Едыгенова, Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Валентина Еремина, Көкшетау қаласы бойынша МКБ бас маманы Айнагұл Абуова марапатталады.
Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, сондай-ақ жұмысында қол жеткізген жоғары нәтижелері үшін бірқатар қызметкерлер облыс әкімінің Алғыс хаттарымен және Комитет пен Мемлекеттік кірістер департаментінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің жауапкершілігі, кәсібилігі, шынайы азаматтық ұстанымы Ел Президенті белгілеген барлық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1051275?lang=kk