2026 жылдан бастап ҚҚС-тың артық сомасын қайтару жеңілдейді!
20.08.2025 15:21:50 115
Жаңа Салық кодексі барлық экспорттаушылар үшін жеделдетілген ҚҚС қайтару тәртібін енгізеді.
Тексерусіз қайтару – бар болғаны 15 жұмыс күні ішінде.
Шарттары:
- салық органдарының орындалмаған хабарламалары болмауы;
- экспорт айналымы жалпы айналымның ≥50%-ы болуы;
- соңғы 12 айда қайтарылуға жататын сома тексерумен расталған болуы.
Салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі қолданылады – бұл тәуекелдерді азайтып, екі тараптың да мүдделерін қорғайды.
Не өзгереді?
Жеңілдетілген тәртіпті қолданатын экспорттаушылар саны 20 еседен астамға артады (40–50 компаниядан 1000+ компанияға дейін).
Қайтару мерзімдері қысқарады:
- тексеру арқылы – 75 күннен 55 күнге дейін,
- мерзімнің басталуы – 1 айға ертерек.
Бұл экспортқа бағытталған компанияларға қаражатты жылдам қайтарып, капитал айналымын арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1053969?lang=kk