Латвияның Қазақстандағы жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыстады
27.08.2025 17:22:15 138Астана, 2025 жылғы 27 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Латвия Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Даце Руткадан сенім грамоталарының көшірмесін қабылдады.
Министрдің орынбасары Латвия дипломатын құттықтай отырып, екіжақты және көпжақты форматтарда Қазақстан мен Латвия серіктестігінің үдемелі дамуына қанағаттанушылығын білдірді.
Сұхбат барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық салалардағы даму перспективалары туралы пікір алмасты.
Кездесудің соңында А. Исетов Астана мен Рига арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған жаңа Елшінің жұмысына жан-жақты қолғабыс көрсетуге қазақ тарапының дайын екенін білдіріп, Д.Руткаға Қазақстандағы қызметіне табыс тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1057853?lang=kk