Жаһандық минималды салық және трансферттік баға белгілеудегі соңғы өзгерістер
03.09.2025 18:00:42 1645
2025 жылғы 2–5 қыркүйек аралығында «Жаһандық минималды салық және трансферттік баға белгілеудегі соңғы өзгерістер» тақырыбында семинар өтуде. Іс-шара Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, Азия даму банкінің (АДБ) қолдауымен және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қатысуымен өткізілуде.
Семинарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Нұржанов Жаныбек Қазақстанның салық жүйесін жаһандық сын-қатерлерге бейімдеудің маңыздылығын атап, бизнес-қауымдастығымен ашық диалогқа дайын екендігін жеткізіп және серіктестер тарапынан Қазақстандағы АДБ-ның Тұрақты өкілдігінің елдік саясат жөніндегі басшысы Әлібек Әбдрахманов аймақтағы АДБ-ның рөлін стратегиялық тұрғыдан айқындап ашты.
Семинар барысында қатысушылар жаһандық минималды салық (Pillar II) қағидаттарын енгізу, халықаралық салық салудағы соңғы өзгерістер, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу саласындағы өзекті мәселелерді талқылайды, сонымен бірге салықтық әкімшілендіруді цифрландыру және жаһандық өзгерістер жағдайында заңнаманы жетілдіру мәселелері қарастырылады.
Негізгі спикерлер ретінде:
- Джессика де Врис, BEPS шеңберіндегі салықтық қолайсыз тәжірибелер тобының кеңесшісі, дипломды бухгалтер және ЭЫДҰ-ның салық заңгері;
- Викрам Чанд, құқық профессоры, тәуелсіз кеңесші және АДБ-ның BEPS жөніндегі кеңесшісі сөз сөйледі.
Семинарға ҚР мүдделі мемлекеттік органдарының қызметкерлері, сонымен қатар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, қауымдастықтар мен ірі ұлттық компаниялардың өкілдері қатысуда. Бұл жеке сектордың ұстанымын ескеруге мүмкіндік береді.
Іс-шара тәжірибе алмасу мен салық заңнамасын жаңғырту және өңірлік ынтымақтастықты дамыту бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеуге арналған алаңға айналуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1061486?lang=kk