Аққайын ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
14.10.2025 12:03:38 377
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Аққайын ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Семинарға ауданның ірі агроқұрылымдары, орта және шағын бизнес өкілдері қатысты.
Кездесу барысында корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы, салықтық тексерулер, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу, тәуекелдерді басқару жүйесі, арнайы салық режимдері және т.б. бойынша қабылданған нормалар талқыланды.
Салықтөлеушілер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды, мысалы:
- 2026 жылы құн өсімінен түсетін табысты айқындау кезінде тұрғын үй объектілерінің меншік құқығында болу мерзімі ұлғайтыла ма;
- тұрғын емес жылжымайтын мүлік объектілері бойынша қандай мерзім;
- мүлікті бағалау қандай жағдайларда ескеріледі;
- такси жүргізушілері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арнаулы салық режимінде жұмыс істей ала ма;
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар салық есепті нысанын тапсыру бойынша міндеттеме бар ма, егер болса, қандай мерзімдер, сондай-ақ салықтар мен төлемдерді төлеу;
- АСР қолданатын салық төлеушілермен өзара есеп айырысу бойынша шегерілімдерді КТС қолдануға бола ма;
Спикерлер: Аудит басқармасы басшысы Кұрмашев Е.Ж., түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқарма басшысы Некрасова Н.В., өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысы Қоспаев С.А., қосылған құн салығы әкімшілендіру бөлім басшысы Белоусов А.О.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1075163?lang=kk