Қазақстан Республикасына электромобильдерді әкелуге тарифтік жеңілдік
14.10.2025 20:42:22 152Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы №130 Шешімінің (бұдан әрі – №130 Шешім) 7-тармағының 7.1.38-тармақшасына сәйкес электр қозғалтқышымен жабдықталған көлік құралдарын (СЭҚ ТН коды 8703 80 000 2) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тарифтік жеңілдік көзделген.
Сонымен қатар, аталған Шешіммен тарифтік жеңілдік бойынша енгізуге болатын 15 000 бірлік электромобиль мөлшерінде квота белгіленген.
2025 жылғы 25 қыркүйектегі (сағат 15:00-дегі) жағдай бойынша елге 13 081 электромобиль әкелінді, бұл белгіленген квотаның 87,2%-ын құрайды.
Осылайша, қазіргі уақытта жеңілдік шарттары бойынша 1 919 электромобильдерді әкелу мүмкіндігі қалуда.
Маңызды: электромобиль сатып алып, елге әкелуді жоспарлап отырған азаматтарға әрекет ететін жеңілдетілген тарифті пайдалану үшін квотаның қалған көлемін ескеру ұсынылады.
Павлодар облысы бойынша МКД
«Павлодар кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеті
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1082653?lang=kk