Бразилиада PreCOP30 дайындық сессиясы өтті

Бразилиада PreCOP30 дайындық сессиясы өтті

16.10.2025 08:02:21 28

2025 жылғы 13–15 қазан - Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясына (PreCOP) дайындық аясында Бразилиада өткізілген алдын ала сессияға қатысты.

Дайындық министрлік кездесудің барысында Ғаламдық түгендеу, Әділетті өтпелі кезең және Бейімделу мәселелері бойынша тақырыптық сессиялар өтті. Аталған алаң тараптарға басым бағыттарды жан-жақты талқылауға, өзара ұқсас көзқарастарды айқындауға және мүдделі тараптар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерімен климат пен даму, бейімделу және энергетика салаларындағы негізгі тақырыптар бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берді. Талқылаулардың негізгі мақсаты – климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі нақты шешімдер мен практикалық шараларды айқындау болды.

Бұдан бөлек, COP30 төрағасы ретінде Бразилия негізгі бастамалардың іске асырылу барысын ұсынды. Олардың қатарында «Іс-қимыл күн тәртібі» және COP29 төрағалығымен бірлесіп әзірленген «Бакуден Беленге дейінгі 1,3 трлн» жол картасы бар.

6–7 қарашада Белен қаласында өтетін СОР30 көшбасшылар саммитіне Қазақстан Республикасы делегациясын ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі бастап қатысады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1087248?lang=kk