Көліктен мүлікке дейін: тұтынушылардың резонанс тудырған істеріне шолу

Көліктен мүлікке дейін: тұтынушылардың резонанс тудырған істеріне шолу

24.11.2025 16:00:38 34

Соңғы уақытта тұтынушылардың құқығын қорғау саласында бірқатар резонанс оқиғалар тіркелді. Біз адамдар өз құқықтары бұзылғанда қалай әрекет еткенін және әділдікке қалай қол жеткізгенін көрсететінең маңызды жағдайларға шолу жасадық. Бұл оқиғалардер кезінде көмек сұраудың маңыздылығын және оқиғаға білікті мамандар араласқанда істің қалай өзгеретінін көрсетеді.

Жалпы түскен өтініштердің басым бөлігі автокөлік сатып алуға қатысты болды. Алматы қаласында бірнеше тұтынушы жаңа сатып алынған көліктердің ақауы бар екенін байқаған. Бір алматылық тұрғын қозғалтқыштағы күрделі ақауды байқап, заңгерденкеңес алғаннан кейін көліктің толық құнын, яғни 6,99 млн теңгені қайтарып алды. Басқа бір сатып алушы өз автокөлігінде беріліс қорабында ақау, артқы камерасының істемейтінін және жанармай багының қақпағының ашылмайтынын анықтаған. Департамент мамандарының кеңесінен соң оған автосалон 14,9 млн теңгені толық көлемде қайтарды. Тағы бір автокөлік иесі беріліс қорабындағы ақауды анықтап, мамандардың қолдауымен 13,9 млн теңгесін қайтарып алды.

Шымкент қаласында электромобиль иесінің оқиғасы көпшіліктің назарын аударды. Ол көліктің жүріс қоры өндірушінің көрсеткен мәліметіне сәйкес келмейтінін байқап, бұрын пайдаланылған батареялардың қолданылған болуы мүмкін деген күмән туындады. Мәселе мамандар арқылы шешілгеннен кейін сатушы тұтынушыға 21 млн теңгені қайтаруға келісті. Ұлытау өңірінде басқа бір тұрғын жаңа автокөліктің қозғалтқышы мен кондиционер жүйесінде ақау бар екенін анықтады. Кеңестер мен келіссөздерден кейін автокөлік толықтай жаңа көлікпен ауыстырылды, оның құны 9,09 млн теңгені құрады. Бұл жағдай даулы мәселені тиімді шешудің жарқын мысалы болды.

Жылжымайтын мүлік нарығында да маңызды оқиғалар болды. Алматыда бір әйел келісімшартта көрсетілген мерзім өтіп кеткеніне қарамастан өз пәтерін ала алмаған. Мердігер әртүрлі себептерді алға тарттып,  пәтер  кілтін беруді кейінге қалдырып келген. Құқықтық кеңес алғаннан кейін оған алдын ала төленген 7,2 млн теңге қайтарылды.

Шымкентте тағы бір тұрғын жеке себептерге байланысты сатып алған пәтерден бас тартқысы келген, бірақ сатушы қаражатты қайтарудан бас тартты. Департаменттің араласуының арқасында мәселе оң шешімін тауып, тұтынушы 37 млн теңгені қайтарып алды.

Актөбе облысында туристік агенттіктерге қатысты бірнеше шағым түсті. Тұтынушылар алдын ала төленген турға бара алма қалған. Жүргізілген түсіндіру жұмыстары мен консультациялар нәтижесінде жеті азаматқа 1,2 млн теңге қайтарылды.

Батыс Қазақстан облысында ерекше оқиға тіркелді. Департамент бірден он сегіз тұтынушының құқығынқорғау үшін сотқа жүгінді. Тұрғындар жиһазға тапсырыс берген, бірақ тауарды ала алмаған. Сот талапты толық қанағаттандырып, кәсіпкерлерді 11,2 млн теңгені қайтаруға міндеттеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1111242?lang=kk