«Нұр Жолы» кеден бекетінде «NOMAD мониторинг және аудиоконтроль жүйесі» іске қосылды

«Нұр Жолы» кеден бекетінде «NOMAD мониторинг және аудиоконтроль жүйесі» іске қосылды

28.11.2025 12:40:45 45

       «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің мүдделері үшін жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, мемлекеттік органдар арасында цифрландырудың флагманына айналуы тиіс» деп атап өтті. Бұл жүйелі қадамдар мемлекет пен бизнес арасындағы түбегейлі жаңа, сервистік қатынастар моделін қалыптастыруға бағытталған».

       Осы стратегияны жүзеге асыру шеңберінде Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Нұр Жолы» кеден бекетінде «NOMAD мониторинг және дыбыстық бақылау жүйесі» пилоттық жобасы іске қосылды.

       Бастама сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қызмет көрсету процестерінің ашықтығын және сапасын арттыруға бағытталған озық шешімдерді енгізудегі маңызды қадамды білдіреді. Инновациялық жүйе - адам факторын барынша азайтатын кешенді шешім болып табылады.

       Жоба аясында жұмыстың негізгі кезеңдері автоматтандырылған: QR-тіркеу, кезекті интеллектуалды бөлу, диалогтарды аудиобақылау және транскрипциялау, қызметкерлер мен СЭҚ қатысушыларының рейтингтік бағалауы қалыптастырылуда, клиенттің маманды еркін таңдау немесе кезексіз өту мүмкіндігі жойылды.

       Қызмет көрсету сапасын бақылау және этикаға ерекше назар аударылған:

жүргізілген диалогтардың аудиожазбалары жасанды интеллект арқылы талданады. Арнайы алгоритмдер сөйлемдердің дұрыстығын, сыпайылық және эмоцияналдық деңгейін бағалап, анықталған бұзушылықтар бойынша автоматты түрде хабарламалар қалыптастырады.

       Жүйе іске қосылған сәттен бастап жоғары тиімділікті көрсетті. 2025 жылдың қазан айынан бастап осы күнге дейін жүйе арқылы 11 000 талон беріліп, орташа нормативтік қызмет көрсету уақыты айқындалды. Жасанды интеллект 6 000 аудиожазбаны өңдеп, олардың 18%-ында этикалық нормаларға сай келмейтін сөз тіркестерін анықтады.

       Алынған объективті деректер негізінде бекет қызметкерлерімен қызметтік этиканы сақтау бойынша тиісті шаралары жүргізілді.

       Барлық ақпарат Ситуациялық орталықта нақты уақыт режимінде көрсетіле отырып, басшылыққа жұмыс жүктемесі және тәуекелдер туралы аналитикалық мәліметтерге негізделген шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1114871?lang=kk