Өскемен қалалық мәслихатында Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұсынған 2026 жылға арналған бюджет жобасын талқылау жөніндегі уақытша комиссияның отырысы өтті.

04.12.2025 12:20:57 137

Өскемен қалалық мәслихатында Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұсынған 2026 жылға арналған бюджет жобасын талқылау жөніндегі уақытша комиссияның отырысы өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша ТКШ бөліміне депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, 2026 жылы орташа және қиыршық тас жөндеуге жоспарланған көше-жол желісі учаскелерінің тізбесін өзектендіру ұсынылды.

Бұдан басқа, бюджетте қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған алаңқайлардың қоршаулары мен шатырларын кезең-кезеңімен жөндеуге қаржыландыруды көздеу қажет, бұл аула аумақтарының санитарлық жағдайын жақсартуға ықпал ететін болады.

Сондай-ақ, қалалық зираттардың аумақтарында ағаштарды санитарлық кесу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлу ұсынылды.

Көлік инфрақұрылымы объектілерін дамыту және күтіп ұстау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты бөлімге қоғамдық көліктің аялдама кешендерін жөндеуге арналған шығыстарды қарастыру ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1118861?lang=kk