«АҚЖАР» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
27.12.2025 22:01:14 279
Шымкент қаласының Құрсай тұрғын алабында қуаттылығы 40 МВА болатын 110/35/10 кВ «Ақжар» электр қосалқы станциясының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
Айта кетейік, қосалқы станцияның жабдықтары барлық техникалық тексерулер мен сынақтардан сәтті өткен. 2026 жылдың басында, 220/110/6 кВ «Қазығұрт» қосалқы станциясында үшінші автотрансформатор орнатылған соң толық жүктеме беріледі және «Ақжар» қосалқы станциясы қаланың энергетикалық жүйесіне толыққанды қосылады.
Қосалқы станцияның іске қосылуы Құрсай тұрғын алабындағы абоненттерді жаңа электр желісіне қосуға, кәсіпкерлік қызметті кеңейтуге және «Сауда-логистикалық орталық» индустриялық аймағындағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба нәтижесінде қаланың энергетикалық жүйесін сақиналау жұмыстарын одан әрі дамыту арқылы электр қуатымен тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі