Чехия Парламентінде конституциялық реформалар таныстырылды

Чехия Парламентінде конституциялық реформалар таныстырылды

05.02.2026 08:07:27 102

Прага, 2026 жылғы 4 ақпан – Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Әбдірахманов Чех Республикасы Парламенті Депутаттар палатасының Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Радек Вондрачекпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар қазақстан-чех парламентаралық диалогын одан әрі ілгерілету перспективаларын талқылап, оның екіжақты қатынастардың бүкіл кешенін нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті. Тараптар парламент депутаттары арасындағы, оның ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы желісі бойынша белсенді байланыстар саяси өзара іс-қимылды тереңдетуге, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ заң шығару саласында тәжірибе алмасуға септігін тигізетінін атап өтті.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың заңды жалғасы болып табылатын жаңа Конституция жобасына айрықша мән берілді. Саяси жүйені одан әрі демократияландыруға, Парламент рөлін күшейтуге, тежемелік және тепе-теңдік тетіктерін кеңейтуге, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нығайтуға бағытталған конституциялық реформалардың мәні мен мақсаттары туралы Чехия тарапына егжей-тегжейлі ақпарат берілді. Жүргізіліп жатқан өзгерістер орнықты әрі әртараптандырылған экономиканы қалыптастыруға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және билік институттарына деген қоғамдық сенімді нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.

Тарапта өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ Қазақстан мен Чехия арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылықты растап, бұл ретте Чехияның жоғары заң шығарушы органында құрылып жатқан Қазақстанмен достастық тобына ерекше рөл жүктелетінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1155087?lang=kk