«Математикалық регата» олимпиадасыны

«Математикалық регата» олимпиадасыны

02.04.2026 17:07:48 184

2026 жылғы 26 наурызда Абай облысы білім басқармасының облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдері арасында республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының облыстық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, математиканы оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану тәжірибесін жетілдіру және олардың шығармашылық әлеуетін қолдау.

Олимпиадаға облыстың білім беру ұйымдарынан бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, өздерінің терең пәндік білімдерін, әдістемелік шеберліктерін және жоғары деңгейдегі логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсіп, күрделілік деңгейі әртүрлі математикалық тапсырмаларды сәтті орындады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Елена Викторовна Чурбакова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Елена Викторовна Чурбакованы жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, кәсіби қызметінде толағай табыстар мен жаңа биіктер тілейміз! 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1192708?lang=kk