МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНДА СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ КӨШЕ АТАУЫ БЕРІЛДІ

МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНДА СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ КӨШЕ АТАУЫ БЕРІЛДІ

02.04.2026 18:17:06 210

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы  1 тамыздағы №211 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес,  1 сәуір күні Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының «Шерқала» тұрғын массивінде Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай соғыс ардагері Құтыш Манатовтың есімі көшеге берілді.

Құтыш Манатов 1916 жылы Гурьев облысы, Форт-Шевченко қаласында (қазіргі Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы) дүниеге келген. Балалық шағы қиын-қыстау кезеңмен тұспа-тұс келген ол 1942 жылы 26 жасында Ұлы Отан соғысына аттанған. Соғыс жылдары ауыр жарақат алған жауынгер ем қабылдағаннан кейін 1943 жылы елге қайтарылды.

Елге оралған соң ұстаздық қызмет атқарып, білім беру саласына елеулі үлес қосқан. Жұбайы Жапарбайқызы Бақтылымен шаңырақ көтеріп, 7 бала тәрбиелеп өсірген, өнегелі әулет қалыптастырған. 2003 жылы дүниеден өтті.

Ұлы Отан соғысының ардагері Құтыш Манатов «Ер жүрек батыр» орденімен және бірнеше «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

Құтыш Манатов көшесі құтты болсын!

Майданда от кешкен ата-бабалар рухына тағзым ету - бүгінгі ұрпақтың басты парызы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-mangystau/press/news/details/1192836?lang=kk