"Тауарларды таңбалау және қадағалау" туралы бизнес субъектілерімен семинар жүргізілді
09.04.2026 19:15:42 323
📍 2026 жылы 8 сәуірде Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында Мемлекеттік кірістер департаменті мен Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп – "Тауарларды таңбалау және қадағалау" жөніндегі заңдылығының нормаларын түсіндіруге арналған бизнес субъектілерге семинар жүргізді
▫️ 🔹Семинарда департаментінің басқарма басшысы Е.Нурмаханбетов «тауарларды таңбалауға» қатысты негізгі жаңашылдықтарға тоқталып өтті. Атап айтқанда, таңбалау жүйесі не үшін қажеттігі: 1) көлеңкелі экономиканы азайту, жалған және заңсыз өнімдер нарықтан шығару үшін; 2) адал бизнес үшін. Барлық кәсіпкерлер тең жағдайда жұмыс істейді; 3) тұтынушыны қорғау. Сатып алушы тауардың сапасына сенімді болады. Қандай туар түрлері таңбалау аясына кіргені (темекі өнімдері; аяқ киім өнімдері; дәрілік заттар; киіктің туындылары; сыра қайнату өнімдері; мотор майлары); таңбалау жүйесі – тауарлардың айналымы кезінде ашық және нақты уақыт режимінде бақылауда болуға мүмкіндік береді, сондай-ақ бұл тек талап емес, сауданың жаңа, әділ жүйесіне көшу және басқа да бағыттар баяндамамен қамтылды.
🔹 Ары қарай, түсіндіру жұмыстарын Департаменттің «Жаңама салықтарды әкімшілендіру» басқармасының бөлім басшысы Б.Қадырбек жалғастырды. Б.Қадірбек өз баяндамасында акцизделетін туарларды таңбалау жөнінде (сыра, темекі өнімдері) жете түсіндірмелерді жасады.
🔹 Сонымен қатар, семинар барысында «Ұлттық тауарлар каталогы» және бақылау кассалық машиналары 2.0.3 хаттамасына көшу жөніндегі мәселелерге түсіндірмелер берілді.
🔹Кездесу қортындысымен «Тауарларды таңбалау» бойынша қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға баяндаушылар өз құзыры аясында жауаптарды берді.
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1197704?lang=kk