KEDEN” ақпараттық жүйесінде “Тауарларға декларация” функционалын іске қосу туралы
10.04.2026 11:47:42 230
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!
Мемлекеттік кірістер комитеті «KEDEN» ақпараттық жүйесінде «Тауарларға декларация» функционалын іске қосуға қатысты қосымша ақпаратты хабарлайды.
2026 жылғы 10 сәуір сағат 21:00-ден бастап «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде функционалды көшіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіледі, осыған байланысты жүйеге қолжетімділік шектеледі.
«KEDEN» ақпараттық жүйесінде «Тауарларға декларация» функционалы 2026 жылғы 11 сәуір сағат 00:00-ден бастап жұмыс істей бастайды.
«KEDEN» жүйесінде тіркелу және авторизациядан өту кезінде ықтимал қиындықтарды болдырмау мақсатында сіздерден:
* жүйеде алдын ала тіркеуден өтуді;
* ұзақ уақыт белсенділік болмаған жағдайда есептік жазбалардың бұғатталуын тексеруді;
* «KEDEN» жүйесінде кедендік операцияларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңбалардың қолданылу мерзімдерін бақылауды және қажет болған жағдайда оларды уақытылы ұзартуды сұраймыз.
Қосымша түсіндіреміз, 2026 жылғы 11 сәуір сағат 00:00-ден бастап:
1. «АСТАНА-1» жүйесінде «ВТД» декларациялау ерекшелігімен шығарылған ДТ «АСТАНА-1» жүйесінде аяқталуға жатады («ПВД» ерекшелігімен ДТ беру және шығару).
2. «ВДТ» декларациялау ерекшелігі бойынша, тауарларды шығару «АСТАНА-1» жүйесінде ЕЭА-ға сәйкес жүзеге асырылған ДТ-ны беру «АСТАНА-1» жүйесінде жүзеге асырылады.
3. «KEDEN» жүйесінде ДТ функционалы іске қосылған сәтке дейін кедендік бақылауы аяқталмаған ДТ бойынша тауарларды шығару «АСТАНА-1» жүйесінде жүзеге асырылады.
4. «АСТАНА-1» жүйесінде тіркелген «ПТД» декларациялау ерекшелігі бар ДТ бойынша тауарларды шығару «АСТАНА-1» жүйесінде жүзеге асырылады.
Қосымша ақпарат жаңартылған сайын Комитеттің ресми ресурстарында жарияланатын болады.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін тәулік бойы әдіснамалық және техникалық қолдау қызметі жұмыс істейтінін еске саламыз.
«KEDEN» ақпараттық жүйесінің қолдау қызметінің байланыстары:
Email:(mailto:keden_support@kgd.minfin.gov.kz)
Telegram:(https://t.me/kedenkgdgovkz)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1198089?lang=kk