«KEDEN» ақпараттық жүйесінде «Тауарға арналған декларация» функционалын іске қосу туралы
10.04.2026 13:07:25 348
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!
Мемлекеттік кірістер комитеті «KEDEN» ақпараттық жүйесінде «Тауарға арналған декларация» функционалын іске қосуға қатысты қосымша ақпаратты хабарлайды.
2026 жылғы 10 сәуірде сағат 21:00-ден бастап «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде функционалды көшіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіледі, осыған байланысты жүйеге қолжетімділік шектеледі.
«KEDEN» ақпараттық жүйесінде «Тауарға арналған декларация» функционалы 2026 жылғы 11 сәуірде сағат 00:00-ден бастап жұмыс істей бастайды.
«KEDEN» ақпараттық жүйесінде тіркелу және авторизациялау кезінде туындауы мүмкін қиындықтарды болдырмау мақсатында:
- жүйеде алдын ала тіркеуден өтуді;
- ұзақ уақыт белсенділік болмаған жағдайда тіркелу жазбаларының бұғатталмағанын тексеруді;
- «KEDEN» ақпараттық жүйесінде кедендік операцияларды жүзеге асыру кезінде қолданылатын электрондық цифрлық қолтаңбалардың қолданылу мерзімдерін бақылауды және қажет болған жағдайда оларды уақтылы ұзартуды сұраймыз.
2026 жылғы 11 сәуірде сағат 00:00-ден бастап:
- «ВТД» декларациялау ерекшелігімен «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде шығарылған ТД бойынша рәсімдер «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде аяқталуға жатады («ПВД» декларациялау ерекшелігі ТД тапсыру және шығару).
- Тауарларды шығару «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған «ВДТ» декларациялау ерекшелігі бар ТД бойынша декларацияларды беру «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
- «KEDEN» ақпараттық жүйесінде ТД функционалы іске қосылған сәтте кедендік бақылауы аяқталмаған ТД бойынша тауарларды шығару «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
- «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде тіркелген «ПТД» декларациялау ерекшелігі бар ТД бойынша тауарларды шығару «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылатынын қосымша түсіндіреміз.
Қосымша ақпарат жаңартылған сайын Комитеттің ресми ақпараттық ресурстарында орналастырылады.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін тәулік бойы әдіснамалық және техникалық қолдау сервисі жұмыс істейтінін еске саламыз.
«KEDEN» ақпараттық жүйесінің қолдау сервисінің байланыс деректері:
Email: keden_support@kgd.minfin.gov.kz
Telegram: https://t.me/kedenkgdgovkz
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1198202?lang=kk