Астанада ынтымақтастық форматтары анықталды: KazAID пен The International Organization for Migration

Астанада ынтымақтастық форматтары анықталды: KazAID пен The International Organization for Migration

10.04.2026 16:03:01 311

2026 жылдың 8 сәуірінде Астана қаласындағы БҰҰ Үйінде KazAID Басқарма төрағасының орынбасары - Әріптестік және аймақтық жобалар департаментінің директоры Ж. Асановтың Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM) басшысы С. Актопракпен кездесті.

 

Кездесу барысында IOM өкілдері ұйымның мигранттарға арналған инклюзивті білім беру, табиғи апаттар қаупін азайту, мигранттар үшін төтенше жағдайларға дайындықты қамтамасыз ету және жұмыс күшінің ұтқырлығы саласындағы әріптестік бағдарламалары туралы ақпараттарды ұсынды.

 

Қос тарап екі ұйым арасында қол қойылған меморандум шеңберінде бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесу соңында KazAID өкілдері тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу мақсатында көші-қон саласында тәжірибе және білім алмасу үшін алдағы IOM іс-шараларына шақырылды.

 

Анықтамалық мәліметтер

Қазақстанның Халықаралық даму агенттігі «KazAID» – 2020 жылы Қазақстан Үкіметі құрған ресми даму көмегін (ДРК) жүзеге асыратын агенттік. Агенттіктің миссиясы – даму ресми көмегі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, серіктес елдерде даму мен тұрақты өсімді ілгерілету, Қазақстандағы әртүрлі салалардағы жетістіктерді көрсету және әртүрлі елдердің мамандары арасында тәжірибе алмасу мен байланыс орнатуды жеңілдету.

The International Organization (IOM) -БҰҰ жүйесінің бір бөлігі болып табылады және миграция саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым ретінде қызмет етеді. IOM Жарғысы миграция мен экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму арасындағы байланысты, сондай-ақ қозғалыс еркіндігі құқығын мойындайды.

БАҚ үшін байланыс: a.kopisheva@kazaid.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1198366?lang=kk