Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларының қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін облыстық бейресми кездесуі
10.04.2026 17:47:01 220
2026 жылғы 9–10 сәуір күндері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі ұйым басшыларының көшбасшылық құзыреттіліктерін дамытуға, команданы тиімді басқару дағдыларын жетілдіруге және заманауи талаптарға сәйкес болашақтың білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған кәсіби алаң құру мақсатында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы көшбасшылық: команданы басқару және болашақтың білім беру ортасын дамыту» тақырыбында облыстық BRAIN BRIDGE митап-сессиясын өткізді.
Кездесу барысында балабақша директорлары келесі тақырыптар бойынша тәжірибелерімен бөлісті:
– «Құндылықтар арқылы тәрбиелеу: «Адал азамат» және жасанды интеллект әлеуеті» (Каримова Ж.К., №106 «Қарлығаш»);
– «Балабақшаның цифрлық трансформациясы: жасанды интеллектті енгізудің қадамдық стратегиясы» (Михеева О.В., №7 «Радуга»);
– «Бүгінгі жас маман – ертеңгі табысты көшбасшы!» (Оралханова А.О., №18 «Еркетай»);
– «Балабақшаны дамыту үшін демеушілік қолдауды тарту: басшының практикалық тәжірибесі» (Раимбекова Д.О., №1 «Балапан»);
– «Даму жоспары, мектепке дейінгі ұйымды басқару құралы ретінде» (Ахаева Н.В., Дарынды балаларға арналған валеологиялық мектеп-кешені).
Сондай-ақ шара барысында мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған инклюзивті білім беру туралы Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ КЕАҚ «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының басшысы Алипова А.К. баяндама жасады.
Іс-шара аясында мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына арналған «Идеядан нәтижеге дейін: балабақшаны өзгертетін жобалар мен бастамалар» атты облыстық хакатон ұйымдастырылды.
Хакатонның мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық жобалар мен бастамаларды әзірлеу арқылы балабақшалардың қызметін жетілдіруге бағытталған идеяларды қолдау, сондай-ақ басшылардың шығармашылық және жобалық құзыреттіліктерін дамыту.
Хакатонға облыс мектепке дейінгі ұйымдарының 90 басшысы қатысты. Сараптамалық комиссиясының шешімі бойынша анықталған үздік командалар I, II және III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ арнайы номинациялармен марапатталды.
Кездесу қатысушыларға шабыт беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан мазмұнды алаңға айналды. Әрбір басшы өз қоржынына құнды тәжірибе жинап қайтты.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жұмыстарына табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1198604?lang=kk