Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту

Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту

10.04.2026 18:19:35 235

Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жобасы облыстық цифрландыру басқармасымен және инвестор — «Мобайл Телеком-Сервис» (Tele2/Altel) байланыс операторымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Жобаның алғашқы кезеңінде «Береке» шағын ауданында байланыс антенналары мен көше жарығын біріктіретін екі тірек орнатылды. Олар 5 мыңға дейін абонентті қамтып, интернет жылдамдығын 600 Мбит/с-қа дейін қамтамасыз етеді.

Жоба аясында шамамен 60 базалық станциядан тұратын желі салу жоспарланған. Негізгі назар сигнал деңгейі төмен аудандарға, атап айтқанда «Береке», «Қонай» шағын аудандарына, индустриялық аймаққа және Триатлон-паркке аударылған. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 3 млрд теңгені құрайды.

Қазіргі таңда цифрлық шешімдер көше жарығы, жол қозғалысын басқару және коммуналдық инфрақұрылым сияқты негізгі салаларда енгізілуде. Бұл жүйелердің барлығы тұрақты әрі сапалы интернетке тәуелді.

Жобаны іске асыру жыл соңына дейін интернет қамтудағы «ақ дақтарды» жоюға және байланыс сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1198713?lang=kk