Өндірістік объектілерге есептік нөмірлерді беру ережелері
13.04.2026 11:09:31 306
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге арналған өтініш жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы жеке кабинеттегі тиісті мәртебе порталда өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен асырмай берілген өндіріс объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды болуы қажет.
Мемлекеттік қызметті көрсету және нәтижесін беру мерзімі өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірлері жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шарты негізінде өндірістік үй-жайларда қызметін 3 (үш) жылдан кем мерзіммен жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ мал сою алаңдарын қоспағанда, 3 (үш) жыл мерзімге беріледі.
Өндіріс объектілеріне (жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шарты негізінде өндірістік үй-жайларда қызметін 3 (үш) жылдан кем мерзіммен жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ мал сою алаңдарын қоспағанда) 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін олардың қолданылу мерзімін көрсетпей берілген есепке алу нөмірлері бойынша есепке алу нөмірлерінің қолданылу мерзімі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап есептеледі.
Мал сою алаңдарына есепке алу нөмірлері 1 (бір) жыл мерзімге беріледі және осы өңірде ет өңдеу кәсіпорындары немесе мал сою пункттері салынғанға дейін жыл сайын расталуға тиіс. Жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шарты негізінде өндірістік үй-жайларда қызметін 3 (үш) жылдан кем мерзіммен жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірлері жалға беру, өтеусіз пайдалану шартының қолданылу мерзіміне беріледі.
Өндіріс объектілері есепке алу нөмірінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде берілген есепке алу нөмірлерін сақтай отырып, осы Қағидаларға сәйкес есепке алу нөмірін беруде қайта рәсімдеуден өтеді.
Есепке алу нөмірінің қолданылу мерзімі өткен жағдайда, есепке алу нөмірінің қолданылуы ақпараттық жүйеде "Есепке алу нөмірінің қолданысы тоқтатылды" мәртебесі көрсетіле отырып тоқтатылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері өтініш тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) өтініште қамтылған мәліметтерді толық ұсынбаған, қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын және (немесе) мәліметтерді ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері өтінім тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін береді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есепке алу нөмірінің берілгені туралы растауды не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді.
Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірінің берілгені туралы растау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген, дара кәсіпкерді қайта тіркеу және (немесе) оның атауы өзгерген, заңды тұлғаның атауы өзгерген және (немесе) заңды тұлға бірігу, қайта құру, заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаға қосылуы, бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған, өндірістік үй-жайларға меншік құқығы өзгерген немесе өндірістік үй-жайларды жалға беру шарты (өтеусіз пайдалану шарты) өзгерген, бұзылған, тоқтатылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы өзгерістер туындаған сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, өзгерістер туралы ақпаратты растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге өтініш береді.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өзгерістер өндіріс объектісінің жүзеге асырылатын қызмет түрінің өзгеруіне әкеп соқпаса, онда көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өндіріс объектісіне есепке алу нөмірінің берілгені туралы растауды қайта ресімдейді.
Қызмет түрі өзгерген жағдайда, өндіріс объектісі осы Қағидаларға сәйкес есепке алу нөмірін беру рәсімінен қайта өтеді.
Жылжымалы (мобильді) объектілері бар өндіріс объектілері оларды қолданыстағы есепке алу нөміріне байланыстырады.
«ҚР АШМ ВБжҚК Меңдіқара ААИ»ММ Боровское ауылы, Алтынсарин көшесі 83, тел.: 2-40-94
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1199131?lang=kk