Абаттандыру қағидаларын сақтау бойынша бақылау күшейтілді
14.04.2026 20:06:24 500
Қостанай қаласында күн сайын абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілуде. Оған әкімдік пен полиция қызметкерлері қатысады. Ерекше назар ғимараттардың қасбеттерінің, кіреберіс топтарының, маңдайшалардың және іргелес аумақтардың жағдайына аударылады.
Бұған дейін бұл жұмыс негізінен алдын алу сипатында жүргізіліп келді. Бизнес өкілдерімен, кәсіпорындар және ұйымдармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көп жағдайда ескерту жасаумен шектелетін. Алайда тәжірибе көрсеткендей, бұл жеткіліксіз. Қазіргі таңда тәсіл қайта қаралды — қайталанатын бұзушылықтар бойынша нақты шаралар қабылданады, талаптардың сақталуына бақылау күшейтілуде.
Тек 2025 жылдың өзінде 4 758 нысан иесі жауапкершілікке тартылды. Бұл ретте нақты айыппұлдар тек 34 жағдайда ғана қолданылған, бұл бар болғаны 0,7%. Ағымдағы жылдың басынан бері 1790 әкімшілік материал рәсімделіп, оның 8-і бойынша 800 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қаланың эстетикалық келбеті — баршамызға ортақ жауапкершілік. Нысан иелері өз объектілерінің жағдайына көңіл бөліп, оларды ретке келтіруі қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1200844?lang=kk