«Тірек мектептерінің әлеуетін арттыру - ауыл мектептерінің дамуына серпін» облыстық семинар-практикумы
15.04.2026 10:12:34 236
2026 жылғы 14 сәуірде Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Örken» «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында «Тірек мектептердің әлеуетін арттыру – ауыл мектептерін дамытудың серпіні» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді.
Семинар-практикумнің негізгі мақсаты - білім беру үдерісінде жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін таныстыру, оларды жаратылыстану пәндерінде тиімді қолдану жолдарын көрсету және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру.
«Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ тірек мектебі және оған бекітілген шағын жинақты мектептер жаратылыстану-математикалық цикл пәндері, ағылшын тілі бойынша онлайн сабақтар Google Meet видео конфереция арқылы өткізіп, тиімді педагогикалық тәжірибелерін ұсынды.
Білім беру үдерісінде жасанды интеллектті қолдану мәселесіне ерекше назар аударылды, ал педагогтер заманауи цифрлық құралдарды пайдалану арқылы сабақтарды интерактивті ұйымдастыруға дайын екендіктерін дәлелдеді.
Семинарға облыстың 170 жуық педагогі қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1200991?lang=kk