Ағылшын тілі пәні мұғалімдері «Макмилан» баспасының спикерімен кездесті
15.04.2026 10:12:43 223
2026 жылы 14 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» білім беруді ақпараттандыру және дамыту өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы Өскемен қалаласының, Глубокое және Ұлан аудандарының, ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған өңірлік семинар өткізді.
Іс-шара педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және тәжірибе алмасуды дамытуға бағытталды. Семинарды ұйымдастыруға «Макмиллан» баспасы қолдау көрсетіп, «Beyond the Book: Defining and Teaching Functional Literacy in the 21st» тақырыбын ұсынды.
Семинар барысында қатысушыларға әдістемелік қолдау көрсетіліп, ағылшын тілін оқытуға арналған оқулықтармен таныстырылды, сондай-ақ білім беру үдерісінде тиімді қолдануға болатын практикалық тәсілдер ұсынылды.
Негізгі спикер ретінде Евгения Верба лекция оқып, теория мен практиканы ұштастыруға бағытталған заманауи білім беру әдістерін таныстырып және озық педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында интерактивті оқыту форматтарына, цифрлық платформалар мен құралдарды тиімді пайдалануға ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысында кері байланыс өткізіліп, қатысушыларға сертификаттар мен ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар табысталды.
Семинар педагогтер тарапынан жоғары бағаланып, өңір мұғалімдерінің кәсіби дамуына ықпал ететін тиімді алаң екендігін көрсетті.
Семинарға барлығы 100 педагог қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1200978?lang=kk