Қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және тәуелсіз Қазақстан» өңіраралық ғылыми-практикалық конференциясы
30.04.2026 16:33:23 221
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 30 сәуірінде Қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына орай «Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және тәуелсіз Қазақстан» өңіраралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
Іс-шараға отандық жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, облыстық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, тарих, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты.
Конференцияның пленарлық бөлімінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры, алаштанушы, әлихантанушы ғалым, (PhD) Сұлтан Хан Жүсіп, «Alikhan Bokeikhan University» тарих және география кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Р.Ж Мұхамеджанова, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, тарих ғылымдарының кандидаты, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі, педагог-шебер, «Үздік пеадгог» атағының иегері Чекетаева Роза Сарқытбекқызы, Ардагер ұстаз, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы», Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, әлихантанушы, «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің қызметкері Тілеуғалы Әміртайұлының баяндамалары тыңдалды.
Конференцияға барлығы 100-ден аса педагог қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1212463?lang=kk