Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау — этикалық қызметтің кілті»

Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау — этикалық қызметтің кілті»

30.04.2026 17:30:38 275

       Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметте болған кезде педагогтік,ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда,басқа да ақы төлентін қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Бұл шектеу “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметті туралы” Заңның 13 бабының және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңның 12 бабының талаптарын сақтау мақсатында негізделген. Көретілген шектеулерді қабылдамау не сақтамау мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға не заңнамада белгіленген тәртіппін жұмыстан шығаруға әкеп соғады.
      Осыған байланысты Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Әдеп уәкілі К.Сарыпбеков мемлекеттік қызметшілерге заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды қатаң сақтау,сондай ақ мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарына қайшы келетін қызметті жүзеге асыруға жол бермеу қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1212567?lang=kk