«Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық есеп
01.05.2026 08:14:29 252
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Коррупцияға қарсы күрес туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдарды, ұйымдарды және мемлекеттік емес сектор субъектілерін ішкі коррупциялық тәуекелдерді талдауды жүргізуге және коррупциялық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою шараларын қабылдауға міндеттей отырып, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және коррупцияға қарсы күрес агенттісі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Ішкі коррупциялық тәуекелдерді талдауды жүргізудің үлгілік ережелеріне» сәйкес, ШҚО «Шығыс Қазақстан облысы туризм басқармасы» басшысының міндетін атқарушының 2026 жылғы 01.04.2026 № 20-Л және № 21-Л бұйрықтары негізінде жұмыс тобы 2025 жылғы сәуірден 2026 жылғы сәуірге дейінгі кезең үшін ішкі коррупциялық тәуекелдерді талдау жүргізді.
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 85 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің құрылымы ШҚО «Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан» ШҚО «Туризм басқармасын» бөліп шығару арқылы қайта құрылды.
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 98 қаулысымен ШҚО «Туризм басқармасы» туралы Ереже бекітілді, кейін Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 7 қаулысымен ШҚО «Туризм басқармасы» туралы Ереже жаңа редакцияда бекітілді.
Басқарманың қарамағында Шығыс Қазақстан облысы туризм басқармасының «Шығыс Қазақстан облысы туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ШҚО ТАО) бар. Бұл коммерциялық емес ұйым, заңды тұлға мәртебесі бар, Шығыс Қазақстан және оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату, туристік өнімді халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде насихаттау, сондай-ақ облыс аумағында туристік қызмет саласында кәсіпкерліктің жаңа субъектілерін дамыту жағдайларын құру және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету функцияларын атқару үшін мекеме құқықтық нысанында құрылған. Бастығы ретінде Исенева Татьяна Дугалиевна тағайындалды.
Ережеге сәйкес, ШҚО Туризм басқармасы өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүргізеді:
- өңірге инвестицияларды тарту
1) Бекітілген критерийлерге сәйкес экономиканың барлық салаларындағы жүз елу мыңнан аз айлық есептік көрсеткіштің құны бар облыстың жалпыөңірлік инвестициялық жобалар жиынтығын қалыптастыру;
2) Облыстың қажеттіліктерін ескере отырып, инвесторларды тарту үшін өңірдің инвестициялық бағдарламасын қалыптастыру;
3) Облыстың инвестициялық жобаларының проблемалық мәселелерін қарау және шешім қабылдауды қамтамасыз ететін өңірлік инвестициялық штабтың жұмысын ұйымдастыру;
4) Өз құзыреті шегіндегі әлеуетті және іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы мәліметтерді Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа арқылы уәкілетті мемлекеттік органға ұсынуды қамтамасыз ету;
5) Өз құзыреті шегінде жалпыөңірлік инвестициялық жобалар жиынтығына енгізілген өнеркәсіп пен тау-кен металлургиялық сектордағы инвестициялық жобаларға «бір терезе» принципі бойынша мүдделі мекемелермен өзара іс-қимылдастықта сүйемелдеу көрсетуді қамтамасыз ету;
6) Өз құзыреті шегінде инвестициялық жобаларды жалпыұлттық инвестициялық жобалар жиынтығына енгізу процесін бастауды қамтамасыз ету;
7) Өз құзыреті шегінде жобаның паспортын құру, жол картасын қалыптастыру, инвесторға қызметтер көрсету үшін мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимылдастық, сондай-ақ «жасыл дәлізге» енгізілген жобаларды жүргізуді қамтитын инвестициялық жобаларға сүйемелдеу көрсетуді қамтамасыз ету;
Туризмді дамыту:
1) Туристік ресурстарды дамыту;
2) Туристік өнімдер мен қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;
3) Қолайлы туристік климат құру;
4) Облыстың туристік әлеуетін ішкі және халықаралық нарықтарда насихаттаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;
5) Туристік саланы дамытуды басқару және мониторингілеу жүйесін жетілдіру;
6) Азаматтардың саяхат жасау кезіндегі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамыту;
7) Туристік индустрияны дамыту арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекетінің табысын арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру;
8) Халықаралық байланыстарды дамыту;
9) Облыстың туризм саласына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру.
10) Туристік саланы цифрландыру, оның ішінде туризм саласындағы цифрлық сервистер мен платформаларды дамыту, инвестицияларды тарту және халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін цифрлық құралдарды пайдалану, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін насихаттау;
Сыртқы экономикалық байланыстар:
1) Облыстық басқармалардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, қалалар мен аудандар әкімдерінің қызметін үйлестіру арқылы сыртқы байланыстарды нығайту саласындағы қызметті қамтамасыз ету.
2) Шығыс Қазақстан облысы өкілдерінің республикалық, өңіраралық, халықаралық іс-шараларда кездесулерін ұйымдастыру.
3) Облыс басшылығымен шетелдік делегациялардың ресми қабылдауларын, кездесулерін ұйымдастыру;
Басқарманың басшысы – Сембинов Ержан Алтаевич, басшының орынбасары – Смит Ирина Федоровна.
Талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілердегі коррупциялық тәуекелдерді анықтау.
Ішкі коррупциялық тәуекелдерді талдау жүргізу барысында 4 тәуекел анықталды:
Тәуекел 1 «Инвесторларға қолдау көрсету процесінде талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі коррупциялық тәуекелдерді анықтау»
Индикатор – қолдау көрсету процесінде қызмет көрсетушінің инвестормен тікелей байланысының болуы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвесторларды қолдау үшін табиғи гранттар ретінде жер учаскелерін беру тетігі қарастырылған.
Табиғи грант берудің негізі ҚР СІМ Инвестициялар комитеті мен инвестор арасында қол қойылған инвестициялық келісім болып табылады.
Бұл ретте ҚР СІМ Инвестициялар комитетіне өтініш беру үшін инвесторға жергілікті атқарушы органнан жер учаскесі бойынша алдын ала келісім хатты алу қажет.
Қазіргі уақытта алдын ала келісім хаттары қағаз нысанында беріледі, бұл коррупциялық тәуекелдердің пайда болуына себеп болуы мүмкін. Бұл тәуекелдерді жою және шығындарды азайту мақсатында алдын ала келісім хаттарын қол қою және беру тетігін бар немесе жаңа ақпараттық жүйе арқылы цифрландыру ұсынылады.
Сондай-ақ, әлеуетті инвестордың қаржылық тұрақтылығы мен лайықтылығын бағалауға мүмкіндік бермейтін әлеуетті инвестордан талап етілетін құжаттардың минималды жиынтығы туралы ескереміз.
Ұсынымдар: инвестицияларды тарту бөліміне инвесторларға арналған табиғи гранттар аясында алдын ала келісім хаттарын беру процедураларын цифрландыру, инвесторға сүйемелдеу көрсету алгоритмін бекіту, инвестордың қаржылық тәуекелділігі мен лайықтылығын жан-жақты тексеру үшін қосымша құжаттар тізімін кеңейту бойынша Ұйымдастырушы органға, ҚР СІМ Инвестициялар комитетіне ұсыныстар енгізу.
- Тәуекел 2 ««Туристік операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезіндегі нормативтік құқықтық актілердегі коррупциялық тәуекелдерді анықтау»
- Индикатор – құқықтық актіде белгілі бір мәселені құқықтық реттеудің жоқтығы
- «Туристік операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету ережелерінің негізгі талаптар тізімінің 8-тармағына сәйкес қызмет алушыға (Қазақстан Республикасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1212918?lang=kk