Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруі
Enbekshi QazaQ
  • EN
  • KZ
  • RU
  • E-mail
  • Барлық жаңалықтар
  • Барлық санаттар
  • Профиль

Қосылған құн салығын төлемеушілердің шот-фактураны жазып беруі

05.05.2026 17:19:44 2255

208 баптың 1-тармағының 1) - 7) жəне 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда:

-есеп айырысу:

-сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегі беріле отырып жəне (немесе) көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу терминалдары арқылы;

-сатып алушыға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді арнаулы мобильді қосымшаның чегі беріле отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген жағдайларда шот-фактура жазып беру талап етілмейді. Бұл ретте сатып алушының талап етуі бойынша чекте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осындай сатып алушының сəйкестендіру нөмірі қамтылуға тиіс;

-есеп-айырысу электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдары пайдаланыла отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген;

-жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін байланыс қызметтері үшін екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы есеп айырысу жүзеге асырылған;

-теміржол немесе əуе көлігімен жолаушыны тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;

-дара кəсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға тауар өтеусіз берілген, жұмыстар өтеусіз орындалған, қызметтер өтеусіз көрсетілген;

-салық Кодекстің 477-бабында көзделген қаржы операциялары іске асырылған жағдайларда шот-фактура жазып беру талап етілмейді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларының ережелері тауарлар өткізілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген жағдайларда салық Кодекстің 131-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға қолданылмайды.

 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1214651?lang=kk

TOP LATEST NEWS
Ұшқыр қалам мен өрелі ойдың иесі
21.09.2026 121

Қазақстанның Бас консулы Орталық Азия азаматтық қоғамы форумына қатысты
20.09.2026 704

Израиль Кеден қызметінің басшысымен кездесу
20.09.2026 885

Қазақстанның Израильдегі Елшілігінде еңбек қатынастары саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
20.09.2026 861

«Таза Қазақстан»: «ЭНКО» өндірістік кешенінің аумағында көшеттер отырғызылды
20.09.2026 887
"enbekshiqazaq.kz" ТОО "ALATAU Ақпарат агенттігінін" интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік KZ31VPY00087935 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.
Біздің агенттігіңің телефон нөмері +77778848811
Келісім шарттары : https://enbekshiqazaq.kz/kz/terms-of-payment.html
Қүпия келісімдері: https://enbekshiqazaq.kz/kz/confidentiality.html
Қолдану ережелері: https://enbekshiqazaq.kz/kz/terms-of-service.html