13 мамыр күні аудандық мәслихатының төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті
14.05.2026 19:13:18 223
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 128 бабына сәйкес отырыста 2025 жылға арналған Бөрлі ауданының, Ақсай қаласы және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы мәселелер қаралды.
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова Батыс-Қазақстан облысының тексеру комиссиясының «2025 жылға арналған Бөрлі ауданы бюджетінің атқарылуы туралы» есебіне тоқталып, бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуы, салық түсімдері мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы жөнінде баяндады. Депутаттар өз сұрақтарын қойып жауаптар алды.
Бұдан соң Бөрлі ауданының Ақсай қаласы мен ауылдық округ әкімдері сөз алды. Мәслихат депутаттары бюджеттік бағдарламалар мен қаражаттың игерілуі, салық түсімдер, мүлік салығы мен жер салығы бойынша, сонымен қатар абаттандыру, қоғамдық тасымалдау, жол жөндеу жұмыстары туралы мәселелер көтеріп, өз ұсыныстар мен пікірлер білдірді.
Комиссия соңында депутат А.Еничев 2025 жылға арналған Бөрлі ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есептері бойынша тұрақты комиссияның қорытындысын баяндап, мәслихаттың сессиясына бекітуді ұсынды.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Д.Имашев, депутаттар, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1220318?lang=kk