№11, №19 және №24 маршруттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізіледі
15.05.2026 18:48:37 2082026 жылғы мамыр-шілде айлары аралығында Тәуелсіздік көшесінің Чехов көшесі мен Бородин көшесі аралығында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қоғамдық көлік қозғалысының сызбасы өзгереді.
№11, №19 және №24 маршруттары уақытша айналма қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды.
Айналма бағыт бекітілген сызбаға сәйкес жақын орналасқан көшелер арқылы ұйымдастырылады.
Жолаушылардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол жүру уақытының өзгеруін ескеруді сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1221318?lang=kk