Глубокое ауданындағы әдістемелік күндер

Глубокое ауданындағы әдістемелік күндер

15.05.2026 18:48:56 173

2026 жылдың 14-15 мамыры күндері ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ және балаларды ерте дамыту мәселелері бойынша орталық жанынан құрылған облыстық мобильді топтың жылдық жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 14-15 мамыр күндері Глубокое ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың тиімді тәжірибелерімен танысу және озық педагогикалық тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік күндер өткізілді. Іс-шара барысында аудандағы 8 балабақшаның педагогтерімен кездесу ұйымдастырылып, облыстық мобильді топ мүшелері озат тәжірибелерімен бөлісіп, мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті мәселелерін  талқылап, пікір алмасып, ұсынымдар берілді.

Сондай-ақ шара барысында арнайы жоспарланған «Отбасылық дәстүрлер мен ұлттық құндылықтар - балабақшаның зияткерлік білім беру ортасында «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асырудың негізі» тақырыбында тәжірибелік алаң ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Пчелка» бөбекжай-бақшасы» КМҚК базасында өткізіліп, балабақша педагогтерінің озат тәжірибелері  насихатталды. Тәжірибелік алаңның соңында облыс педагогтеріне тәжірибе алмасу, шабыттану және адал, жауапты, белсенді азамат – «Адал азаматты» қалыптастырудың тиімді жолдарын бірлесе іздеу, пікір алмасу және талқылау үшін еркін микрофон ұсынылды. Қатысушылар балабақшадағы ұлттық құндылықтар жөнінде өз ойларын ортаға салып, белсене қатысып, шараның педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, бірлескен жұмыс жүйесін қалыптастырудың нағыз алаңы болғанын, өздеріне қажет ақпаратты алғандарын атап, ризашылықтарын білдірді.

Әдістемелік күн барысына Глубокое ауданының 100 педагогі қамтылып, тәжірибелік алаң жұмысына облысымыздың 70 мектепке дейінгі тәрбие бойынша педагогтері қатысты.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1221200?lang=kk